Продолжение интересных отрывков из романа М. Ауэзова «Абай жолы».
Условие примирения Кунанбая и Божея.
«Осы уақытта Қаратай ауыз үйге шығып, Ызғұтты мен Майбасарды шақырып ап:
– Татулық болды, татуластырды! Алшекең мен Баймұрын екi жақтың да бар сөзiне ие боп өздерi сөйлеп, өздерi шешiп отыр. Осылай етiңдер деп мырза да, Бөжей де ерiк берiп едi! – дедi.
– Ал, байлау не болды? Тынымы не болған екен?..– деп, Майбасар ентелей түстi.
– Тынымы да өзгешелеу болды бiлем. Араларың алыс болса, қыз алысып, құда болысыңдар дер едiк. Ағайынсың, жақынсың, бiрақ сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуiң бала алысыңдар! Бөжей Құнанбайдан бала ауысып, бауырына салсын. Сөйтiп, иiстерiң аралассын!– дестi.
– Осыған тоқтасты ма?
– О не қылған бала? Өзiнен туған бала ма?..– деп, Майбасар, Жақып қайталай сұрасып едi.
– Тәйiрi айттым ғой! Өз баласы! Асырауға алады!..– деп, Қаратай асығып қайта кеттi.
Абай мына байлауға қатты аңырып, аң-таң болумен бiрге, iшiнен бiр түрлi түршiгiп қалды…
Ертеңiнде Бөжейлер жүрер кезде Абайдың Қарқаралыда естiген жат сөзiнiң шешуi жеттi. Өз үйiнде жер бауырлап жылап, Айғыз жатыр екен. Қарабас мұның қолынан Кәмшатты алып, шарт киiндiрiп, үлкен үйге апарыпты. Екi көзi қарақаттай жайнаған, аппақ Кәмшат, мұндағы барлық үлкендерге:
– Аға, ата! Ата… Аға!.– деп, кiшкентай нәзiк саусақтарын созып, жалт-жалт қарайды.
Мұның әлдеқандай жалынышты түрiн көруге шыдамай Ұлжан шығып кеттi. Үнсiз жылап, бүктүсiп Зере қалды. Үлкендердiң арасынан аяз лебiн сезгендей боп Абай да атқып шығып кеттi.
Құнанбай босаңсыған пiшiндердiң барлығына жалғыз көзiн оқтай қадап, атып жiбергендей қарайды. Қарқаралыдағы байлау бойынша, мұның Айғыз қолынан тартып алып берiп отырған баласы осы».
Автор публикации: Аскар Калдыбаев