Публикую следующий интересный отрывок на казахском языке из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Замысел Кунанбая при убийстве Кодара.

«Қодар аз үндемей тұрып, аналар басыла бергенде:

– Ел-жұртқа масқара етiп, қор етiп, анау соқыр көзiңнiң құнын менен алайын деп пе едiң!- дегенде Құнанбай:

– Шығартпа үнiн! Жоғалт көзiн!– дедi.

Майбасар да iлесе:

– Өй, қуарған көк төбет!- деп, қамшы үйiрiп кеп қап едi.

Қодар саспастан тұрып, қарсы ақырды.

– Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсiң! Жабыларсың, таларсың да жерсiң!– дегенде, Қамысбай мен бағанағы төрт жiгiт Қодарды сүйрей жөнелдi…

Жиын болып, кiсi өлтiрiп, ел ортасында құлақ естiп, көз көрмеген сұмдықты өз қолдарымен iстеп шыққан топ, атқа мiне сала, жан-жаққа шашырай тарады. Үнсiз, жым-жырт айрылысты.

Жалғыз-ақ, Бөжей ғана Сүйiндiк, Қаратаймен бiрге үшеуден-үшеу боп оқшау кетiп бара жатып, күрсiнiп:

– Ер өлтiргенге құн сұраушы ең. Ендi құн сұрамақ түгiл, өкпе-кiнә қылар да мұршаң жоқ. Өлтiрген өзiңсiң. Қырық рудың адамы кесек атып өзiң өлтiрiп отырсың, не бетiңмен үн шығарасың? — дедi.Қаратай танып келедi, Бөжейдiң түп есебiнiң көбiн Құнанбай бұзып кеттi. Бөжейге, әсiресе, Құнанбайдың осы айласы батқан тәрiздi. Қаратай соны ескерiп:

– Шариғаттың шын бәлесiн түпке сақтапты ғой. Бұл шариғат та айлаға құрық бере. Беретiн болды ғой. О да Құнанбайдың қойны-қонышында десейшi, – дедi.

Сүйiндiк басылып, шошып қалғандай екен:

– Құрсын! Тек бәле осымен бiтсiн, тынсын десеңшi!– дедi.

Бөжей, көп арбасқандықтан Құнанбай тәсiлiн түкпiрлей танушы едi:

– Бiту, тыну ма?– деп күрсiндi де:– Бөкеншi, Борсақ, қашан айттың деме, шылбырды Қодар мойнына салған жоқсың. Бұйырса, осыменен өз мойныңа да салған боларсың, жазған!- дедi».

Автор публикации: Аскар Калдыбаев

Аскар Калдыбаев
17/10/2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Меню
Translate »