Продолжаю публикацию интересных отрывков на казахском языке из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Реакция Оспана на наказание от отца.

«Құнанбай өз алдындағы мына бейбастыққа қатты ашуланып, Оспанды сол қолымен өзiне қарай жұлқып сүйреп алды да, жақтан тартып-тартып қалды. Оспан екi бетi нарттай жанып, үлкен көздерiмен әкесiне шоқтай қадалып, сазарып тұрып алды. Ұрғанына титтей мiз баққан да, қалт еткен де жоқ. Бұның бәрiн көрiп отырған Сүйiндiк Байсалға күбiр етiп:

– Жаным-ау, қасқыр бала мынау ғой!– дедi.

– Құж, десеңшi. Мынадан ба, мынадан шығар-ау!

– деп Байсал да күңк еттi.Құнанбай атшабарға қатты әмiр етiп:

– Бар, алып кет қарғыс тигендi!

–деп Оспанның бетiн бұрды да, итерiп қалды.

Бала сүрiнiп құлай бергенде, атшабар да қармап көтере бердi. Оспан дәл сол әкеден құтыла берудi күткендей атшабар ендi көтерiп алғанда, үйдегiнiң бәрiне естiрте, арт жағынан жел шығарып, «тырқ» еткiздi де кете барды. Майбасар Қаратайға көз тастап, бiр езуiн тартып, басын шайқады.– Қап, мына абыройсыз, бар абыройдан бiр-ақ айрылды-ау!– дедi. Қонақтардың кейбiрi ақырын күлiп қалды.Қаратай, Байсалдар Оспанның кетiсiн өз iштерiнде:» қорқып кеткен жоқ, егесiп кеттi»– деп бағалаған».

Автор публикации: Аскар Калдыбаев

Аскар Калдыбаев
14/10/2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.

Translate »