Продолжаю серию интересных отрывков на казахском языке из романа М. Ауэзова «Абай жолы».
«Үндемей түйiлiп, сұп-сұр боп отырған Құнанбай ол сөздерге көп шiмiркенген жоқ. Қайта, терiс көргендей мойын бұрып, Абайға қарап:
– Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсеңдершi!– дедi.Құнанбайдың мына баласын осында шақыртып алып отырған және жаңағыдай етiп бұларға танытқалы отырғанын өзгеден Қаратай бұрын аңғарған… Ол, дағдылы, майысқақ ептiлiкке салып, ендi Құнанбайдың жаңағы бетiмен Абайды сөз қыла бастады. Бөжей мен Байсалға қарап:
– Сендер мұның сүндетке отыртқанда не дегенiн естiп пе едiңдер?– деп, аз күлiп алды…
– Сүндетке отырғызғанда, ауырсынып жылап жатып:» құдай-ай, бұл қорлықты көргенше, қыз қып неге жаратпадың!» дептi. Сонда шешесi: «ақылсыз-ау, қыз болсаң бала таппас па едiң, содан қиын боп па?» десе, мынау:»Ойбай, онысы тағы бар ма едi?», деп жылауын тыя қойып, шыдай берiптi, – дедi. Үлкендер ақырын мырс-мырс күлiп қойды».
Автор публикации: Аскар Калдыбаев
1 комментарий. Оставить новый
I am currently writing a paper and a bug appeared in the paper. I found what I wanted from your article. Thank you very much. Your article gave me a lot of inspiration. But hope you can explain your point in more detail because I have some questions, thank you. 20bet