Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Последние свидания Абая с Тогжан.

«Осы түн ел әбден ұйқтаған кезде, Абай мен Ербол үй тонайтын ұрыларша жасырынып бұғап, ептеп басып кеп, Асылбек отауының есiгiне жеттi. Екеуi де киiз есiктi жамылып тұрып, iштегi ағаш есiктi ашудың амалына кiрiстi. Үй iшiнде ояу жатқан әйел бар екен. Шолпы сылдыры естiлдi. Кәрi кiсi болмау керек. Бұл үйде шолпы тағарлық екi-ақ кiсi болуға лайық. Оның бiрi – жеңге, бiрi – Тоғжан…

Абайдың iлгерi созып келе жатқан оң қолы жiбек шымылдыққа тиген кезде, алдынан қарсы қозғалып келе жатқан Тоғжанның ыстық саусақтары мұның бетiне тиiп едi. Екеуi де шапшаң ұмтылысып кеп, қатты құшақтасты да, ұзақ-ұзақ сүйiсiп, үнсiз жабысып тұрып қалды. Дiрiлдеген демдерi қосылып, ыстық ерiндерi ендi айрылмастай табысқан-ды.

Тып-тыныш жаздың таңы сары қабақтан баяу атып, түрiлiп келе жатқан шақта Абай мен Ербол Жәнiбектен жөнеле бердi…

Жолдасы Абай күйiн ұққандай боп, жымиып қана күлiп, сүйсiне қарап келедi екен. Абай атының басын iркiп, тоқтаңқырап тұрып, Ерболды ат үстiнен құшақтады да:

– Ербол, сынама менi! Өмiрде атын ғана есiткенiм болмаса, бақыт деген не? Шын шаттық деген не? Дәл осы түнге шейiн соларды таныған да, татқан да емес ем. Несiн айтасың? Көрiп келесiң. Жайым, барым сол емес пе?– дедi.

Осы күннен соң, аз уақыт iшiнде, Жәнiбек жаққа Абай тағы барды. Бiрақ өз қызығының жақсы дәуренi бiткен екен…

Әке-шеше өздерi ұйғарып, бұйырды да, мұны тағы да қайнына жүргiзетiн болды. Жалыны да жоқ, тiлегi де жоқ сұлық көңiлмен Абай көне бердi. Айдалып кеткен кiсiдей Қарқаралыға кеттi.

Бұл жолы ай жарым жүрiп, Ділдәні алып келді».

Автор публикации: Аскар Калдыбаев

Аскар Калдыбаев
29/11/2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.

Translate »