Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Первая встреча и ночь Абая со своей невестой – Дильдой.

«Осы жаймен бiраз отырған соң, есiк жақта үлкен қозғалыс басталды. Босағаға жақын отырған келiншектер түрегелiп, шымылдықты есiкке қарай созып тұрған уақытта, тыстан бiр топ қыздар кiрдi. Солардың ортасында басына қызыл жiбек шапан жамылған, бетiн түгел бүркеп алған – қалыңдық бар.

Абайлар Дiлдәның бойын ғана көрдi. Ол кебiсiн шешiп жатқ анда, сырт сымбаты талдырмаш, бiрақ аса сұңғақ бойлы, биiк көрiндi.Абайдың төменгi жағынан орын босатылған-ды. Қалыңдық осы араға келiп, шапанын басынан алмай, күйеуге азырақ сырт берiңкiреп, қырындау отырды.

Абай амандасармыз деп ойлап едi. Қалыңдық бетiн бұрған жоқ. Сондықтан екеуi амандаса да алмады.

Дiлдә келiсiмен ас жасалып, төр де, шымылдық iшi де ас жедi.

Бiрақ күйеу мен қалыңдық көп дәм татқан жоқ. Сол астың артынан төрде отырған, түсi Абайға көрiнбейтiн бiр молда неке оқыды. Суық су құйған бiр кесе төрдегi жұртты жағалап кеп, Абайға ұсынылды. Абай ұрттады да, Дiлдәра бердi.

Осының артынан екi жеңге ақырын күлiсiп кеп, Абай мен Дiлдәның алдына қарсы отырып, екеуiнiң де оң қолдарын алып, бiрiне-бiрiн ұстаттырды…

Абай әлi күнге Дiлдәмен тiл қатысқан жоқ. Бiр-бiрiнiң жүздерiн де жақсылап көрiскен жоқ. Жалғыз-ақ есiктен келiп, шымылдық iшiне кiрiп, Абай қасына отыра берерде ғана Дiлдә өз бетiн ашпай, Абайды сығалап көрiп қалған. Онда да бiр-ақ сәтке көрген.

Төсек салған жеңге, жұмысын бiтiрiп кетiп қапты. Мынау Дiлдәны ертiп кеп, үй жанына қойып, Абайды iздеп кеткен екен.

Абай үйге кiрдi. Шымылдық түсiрiлдi, төсек әзiр тұр. Жеңге Дiлдәны кiргiзбей тұрып, Абайды шешiндiре бастады. Сырт киiмiн Абай өзi шешiп едi. Жеңгесi соны iлiп келiп, дәл мәсiнi шешерде, ырымды ескерттi…

Қалыңдық қараңғыны жамылып, ар ұялар iске, жүзiн ғана ұялтып, өзi басып келе жатқан сияқты. Абай осы күйдiң бәрiне ендi ыза болып, не қылсаң о қыл дегендей тек жатты.

Бiрақ Дiлдәның бар қозғалысын естiп жатыр. Ол қамзалын шештi. Мәсiсiн де тастады. Бiр сәтте төсекке келдi. Соншалық жасқанбай, тура келдi де, көрпенi аша берiп, орнын сипады. Абай төсектiң шетiне жуық жатыр екен. Күйеу өзi, алғаш қалай жатқанын байқамаған. Қырылдаңқырап шыққан қатқыл дауыспен қалыңдық:

– Ар жатшы!– дедi.

Талай күннен берi сан ырымды жасап, мәпелеп, аялап келген екi жардың ең алғаш тiл қатысқаны осы едi. Абай үркiп қалғандай қатты серпiлiп, iрге жаққа бiр-ақ аунады.

Қазiрде Абай көңiлi қандай салқын болса, Дiлдә да сондай жалынсыз. Әдетке, жетекке ергенi болмаса, дәл жүрегiнде ол да Абайды жатырқап келген. Соның үстiне, сен Құнанбайдың баласы болсаң, мен Алшынбайдың қызымын деген өр көңiл де болатын.Әлдекiмше жасқанып, қылымсыған жоқ. Жеңгелер не бұйырса, соны iстедi.»

Автор публикации: Аскар Калдыбаев

Аскар Калдыбаев
26/11/2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.

Translate »