Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Первое свидание Абая с Тогжан.

“Абай ақырын сәлем берiп, жасаулы отауға кiргенде, аққұба жеңге төсек жанында тұр екен де, Тоғжан жерде көрпе үстiнде отыр екен…

Абай амандасып тоқтағанда, сыпайы жеңге бұған жақындап кеп, тымағын алып, белiн шештi.

Тоғжан алғашқы минуттарда қатты қысылып, өте ақырын амандасып, өзгеше қызарды. Бiр кезде оның жүзi ағара бастап, сұрланып кетедi. Жүрек толқыны мен ұялу аралас. Барлығы да лүпiл қаққан шыншыл қанмен бетiне шығып, сыр айтып қайтады…Абай оңаша қалғанда, әуелде қатты қысылды. Бiрақ байқап қараса, Тоғжан тiптi ұялшақ. Тiптi нәзiк, жазықсыз бала тәрiздi. Өзi де басында не дерiн бiлмей, сөз таба алмай, аса қиналған. Ендi ойласа, бұл қалыпта екеуi рақат кештi зая қып өткiзетiн тәрiздi.

Аз уақыт Тоғжанға иiле қарап отырып:

– Тоғжан, менiң сәлемдерiмдi есiттiңiз бе? Бар сөзiм сiзге арналған, сiздi сағынудан туған сөз едi, iлтипат қып еледiңiз бе? дедi.

Тоғжан iшiнен: «iлтiпат қылмасам мұным не?» дегендей. Бiрақ ақырын жымиып күлдi де:

– Есiттiм, Абай! Өлеңiңiз жақсы екен!– дедi…

Тоғжан, сiздi қайтiп ұмытайын?– деп кеп, Абай Тоғжанның әдемi аппақ қолын ұстады.

Тоғжан қолын тартыңқырап, ұялды да, ығысып қалды.

Осы кеш екi жасты бiр-бiрiне соншалық сүйiктi, ынтық еттi. Екеуi тек жүз көрiсуден, сөйлесуден басқа ешбiр бөтен тiлек ойламастай. Алғаш көрiскендерi осы болса да, көп жайларды айтысты. Шын сағынышты, ынтық жандар боп ұғысты.

Таң жақындаған кезде ғана жеңге қайта оралды. Сол шай жасай бастап, тысқа тағы бiр шығып кеткенде, Абай Тоғжанға жақындап кеп, үндемей ғана бетiнен сүйдi. Тоғжан оттай жанып, қып-қызыл боп кетiп, әлсiз ғана қорғанып, Абайдың жүзiн екi алақанымен қысып, кейiн шегiндiре бердi. Қарсылық емес, ұялу едi. Абай қайта ұмтылып, қатты құшақтап кеп, Тоғжанды оң көзiнен ұзақ сүйiп тұрды. Бұл сәтте Тоғжанның әлсiз қарсылығы да сезiлген жоқ.Жiгiт сүйiп тұрғанда, Тоғжан ақырын ғана қымсынып, ыстық бетiн Абайдың бетiне басты, сүйттi де тез босап кеттi.

Абай:– Сәулем!– деп барып, құшағын жазды”.

Автор публикации: Аскар Калдыбаев

Аскар Калдыбаев
22/11/2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.

Translate »