Продолжение интересных отрывков из романа М. Ауэзова «Абай жолы».
Слова Зере своему сыну – Кунанбаю о Камшат.
«Мұның әмiрiнен жасқанып өскен Айғыз саябырлап қалды. Бiрақ сыбырлап сөйлеп, тұншыға жылады. Құнанбай ақырып:
– Қысқарт ендi, басыңа көрiнгiр, не көрiндi, басыңмен кеткiр!– дедi.Айғыз жауап қайырған жоқ. Бiрақ Абайдың қасында отырған Ұлжан жаулығының ұшымен көзiн сүртiп:
– Өртенсең де, үндемей өртен дегенi ме? Кәмшатты ойласа, бүгiн емес, көптен күңiренедi бұл жандар. Кiмге айтады? Қайда айтады?– дедi. Құнанбай оған да барын айтқызбай тежеп:
– Жә, бiрiң бастап, бiрiң қостамай! Басалқы, басу айтады десе, о несi?- дедi. Ұлжанға Айғыздай зекiрген жоқ, кiнәлай сөйледi.
Үй iшiнiң наразы үнiн осылай баспақ. Бiрақ онысына Зере болған жоқ.
– Қорқытпа келiндерiмдi! О несi?– деп қатты зекiп қап, iлгерi жылжып кеп, екi қолымен жер тiреп отырып, баласының жүзiне аса суық қарады. Абай өз әжесiнiң мұндай қайратты ашуын бұрын көрмеген сияқты.
Зере Құнанбайға әлi де қадала қарап, түйiлiп отыр. Құнанбай шешесiнiң ажарын сездi де, жуаси түстi. Көзi де шеше көзiнен тайқып кеттi.–
Айында, аптасында бiр көредi. Арыз мұңын саған айтпай кiмге айтады? Қатты болсаң қасыңа бол! Досыңа, қатын-балаңа қатты боп, қайда барасың өзiң? «жер тәңiрiсi сенсiң» деп қошеметшiң айтсын! Бұл жерде, бұл мекенде сен мойныңдағы қарызы мол әкесiң, бiлдiң бе? Айтам ғой, «жер тәңiрiсiмiн» десең де, аяғың аспаннан салбырап түскен жоқ. Сен де бенденiң ұлысың, анадан туғансың. Менмiн сенi тапқан. Мынау аналар аналық зарын айтады. Кәмшат турасында күйзелтiп, күңiрентiп отырсыңдар, сендер, бiздi. Тап ендi емiн, тап ақырғанша! Құтқар анау қаршадай жетiмегiмдi!- деп, қатты бұйрық етiп тоқтады».
Автор публикации: Аскар Калдыбаев
1 комментарий. Оставить новый
Your point of view caught my eye and was very interesting. Thanks. I have a question for you.