Продолжение интересных отрывков из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Тактика Кунанбая для привлечения Абая на свою сторону.

«Әуелi Құлыншаққа жiбердi. Ол Құнанбайға өкпелi. Сүйiндiк болса, ол да бұрыннан ренiштi адам. Кеше түнi бойғы әңгiмеде Абай өз әкесi туралы үлкен кiсiлердiң аузынан ең алғаш сын сөздерiн есiттi. Ол әңгiмелердiң iшiнде талай-талай мәндер жатыр. Сүйiндiк те Құлыншақтай өкпелi адам. Ал ендi мiне, тiптi Бөжеймен тiзе қосып, әрдайым жаулықты мықты ұстап жүрген Байдалыға жiбермек. Оның Құнанбайға қарсы араздығы қатты бекiп қалған тоң сияқты емес пе едi? Көңiлi жiбiдi ме, қабағы жадырады ма? Абай бiлмейдi.

Ендi соған бармақ. «Осы қалай» деп, бiраз ойлана түсiп, Абай өз әкесiнiң iшiн түсiнгендей болды. Тегi әкесi өзiне жау адамдарға Абайды әдейi жiберетiн болар. «Жау барын көрсiн, түсiн танысын. Тани келе, көре келе, әкесiне достығы, тiлеулестiгi күшейсiн » деген болу керек.

Абай осыны ұқты да, қатты толқып, қиналып ойланды. Шытырман. Бiр сәтке Абай өзi көлденеңнен қарап, шытырман iшiне жалғыз, құралсыз, әлсiз күйде ерiксiз кiрiп бара жатқан өзiн көргендей болды.

Өзiн-өзi ойша екiге бөлiп, осылайша көлденең көзбен көре жүретiн әдет Абайда әр кезде болушы едi».

Автор публикации: Аскар Калдыбаев

11Askar Konysbayev, Салтанат Лесбаева и ещё 9Поделились: 2НравитсяКомментироватьПоделиться

Аскар Калдыбаев
05/11/2019

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.

Translate »