Следующая публикация интересного отрывка на казахском языке из романа М. Ауэзова «Абай жолы».
Объединяющая сила Кунанбая.
«Құнанбай – өз басы бiр шешеден жалғыз, бәйбiшенiң жалғызы. Қара шаңырақ иесi. Қалың дәулет пен әмiр, билiк иесi. Жасқа да көп туысынан өзi үлкен. Сол себептi, үлкен әкесi Ырғызбайдан тараған осы мына жиырма ауылдың мынандай топтарының iшiнен бiрде-бiр жан әлi күнге Құнанбайдың алдынан көлденең шығып көрген емес. Тiптi, өкпе-назы болса да, ашып-жарып айта алмайтын. Ал, бiрақ Құнанбай сойыл соғарды, қол қимылды, тiзе мен ызғарды керек қылған жер болса, бұл қауымның iркiлетiн бiрi жоқ. Шоқтай жиын – мықты топ. Жер алуда, ел алуда, оңайдан мал табуда бұлар Құнанбайдың қабағын қалт еткiзбей түсiнедi. Неше қабат, бәйбiше-тоқал боп жатқанмен, Құнанбай бұлардың араларындағы араздық болса, лезде жойып отырады. Араздық ұстағанын әлденеше рет пайдадан, олжадан қалдырып, жазалап отырып, өз ырқына көндiредi.
Өзара бiрлiгi – үнемi табыс екенiн жете танытқан. Соны ұққалы осы Ырғызбай шетiнен бай боп алды.
Соңғы уақытта, тiптi, iшiнен атысып жүретiн күндес қатындар да араздығын сыртқа шығара алмайтын боп алған. Олардың кәрiсiн де, жасын да, қайнысы не байы, не баласы от басынан әрi шығармай тұншықтырып, басып отырады. Болмағанын, не байына, не бiр тентек қайнысына сабатып алып, өзгелерi «шоқ-шоқ» деп те тұрысады.
Осымен бар ынтымағын Құнанбайға бағындырған жиырма ауыл дәл бiр ұялас бөрiдей едi. Қалың Тобықты iшiнде ең қолшыл, ең мықты болатын себептерi де осы».
Автор публикации: Аскар Калдыбаев
2 комментария. Оставить новый
Your point of view caught my eye and was very interesting. Thanks. I have a question for you.
I don’t think the title of your article matches the content lol. Just kidding, mainly because I had some doubts after reading the article. https://www.binance.info/it/join?ref=S5H7X3LP