Продолжение интересных отрывков из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Слова Кунанбая Абаю об обвинениях в свой адрес.

«Құнанбай баласының осы көңiлiн анық таныды бiлем. Қаратай мен Байдалы үшiн болмаса да, өз баласы мен өз туысы үшiн бiр жауап керек.

Ол тiптi аналардың орайын беру үшiн, әсiресе, керек.– Қаратай жүйрiк қой. Жер таниды. Айтқаны шын болса керек. Бiрақ өз топшылауым бойынша, адамның қай мiнезi қасиеттi болса, сол мiнезi мiнi де болады. Мен өмiрде ұстаған нәрсемдi берiк ұстанам. Жақсылық – кiсiнiң айнымас табындылығында деп бiлемiн. Соның түбiнен мiн шығатын кез де болатын шығар!– деп, үндемей түнерiп отырып қалды. Дау айтқан кiсi жоқ.

Абай әкесiнiң жауабын ғана бiлмек едi. Ойландыратын жауап естiдi.

Құнанбай аздан соң ғана барып, әлгiден де жуасыңқырай түсiп:

– Адам пенде ғой! Пенденiң жоқ-жiтi толған ба?– дедi.

Қияласа да өз мойнына кiнә алып отыр.

Бұл кезде Абайға әкесi жадағай көрiнбедi. Кiнәға, дауға жүйрiк Байдалы сияқты емес. Ол шешендiктен гөрi басқарақ түкпiрi бар жан сияқты.

Оңай жан емес. Қабат-қабат шың сияқты.Құнанбай өз ойымен кетсе, Абай өз көңiлiндегi түйiнiн аяқтата алмаған, өз дағдарысымен кетiп едi».

Автор публикации: Аскар Калдыбаев

Аскар Калдыбаев
08/11/2019

1 комментарий. Оставить новый

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.

Translate »