Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».
Абай и Куандык
«Абай Қуандықтың ақ саусақтарын қатты қысып отырып, екi бiрдей жүректiң жан тамырлары бiр соққанын сездi.
– Екеумiздiң жүрегiмiз бiр соғады-ау! Көремiсiң? Айтқаныңа қуандым. Менi де өзiңдей көр!– деп қалды.
Осыдан соң бұлардың әрбiр күлкiсi, әзiл сөздерi, қабақ қимылдары – барлығы да сондайлық бiр тәттiлiк қуаныш белгiсiн көрсетiп отырды. Ойынды сылтау етiп бiр рет сүйiскенде, бұлардың жүздерi де шын ләззәттан белгi берiп, бiр-бiрiне ып-ыстық боп тиiстi.
Осы түннiң қылаңдап атқан таңында, қонақтар тарай бастаған шақта, Қуандық Абайды шеткi үйге қарай жөнелттi.
Жұрттың бәрiн таратып, жайғастырып болған соң, сол үйге өзi де келген едi. Шеткi үй оңаша екен. Iшiнде бiр ғана төсек бар. Иесi қартаң әйел ерте тұрып кеткен сияқты. Екi жас ыстық құмарлықпен, жалындап табысты. Тығыз жерде, тар уақытта кездескендiктен екеуi де үнсiз едi. Қалтқысыз келiп, iркiлмей қосылған құшақтары бұларды сол үнсiз, жым-жырт толқын iшiне iлезде тартып әкеттi.
Осыдан соң тағы да бiрнеше күн ойын-сауық болды. Абай мен Қуандық арасы тең жастардың жақсы достығына айналды. Бiрақ бары сол ғана. Екеуi iркiлмей табысқанмен, жалындаған махаббат тумады. Абайға Қуандық оңаша кездескеннен көрi, жұрт көзiнше көп ұнайды. Оқшау жерде Қуандықтың ашықтығы әлдеқандай кекселiк сияқтанып, жiгiт жүрегiне қатаң тиедi.
Қуандықтың Керей iшiнде қайын жұрты бар. Күйеуi бiрнеше рет келiп кеткен екен. Өзiнiң бұрын алған қатыны бар. Қуандық соған тоқал боп бармақ. Қайындап келген кездерiнде қалыңдық оны сүйе алмады. Әрқашан салқын қалатын. Сол мұңдарын Абайға сөйлеп кеп, сұлу қыз өзгеше бiр тiлек ойлағанын айтып едi. Абай жауап айтпай ойға түстi. Бiрнеше баланың анасы болған Дiлдә бар. Рас, Қуандық Абайдың теңi. Тәрбиесiмен, өнерiмен, ақыл парасатымен де өзгеше жан. Сөз жоқ.
Әлi күнге өз өмiрiнде кездескен әйелдердiң iшiнде Абайдың өнерлi, сұлу, қайратты қыз көргенi осы.
Бiрақ Қадырбайдың ренiшiнен аттап, өту, Дiлдәнiң балаларын ұмыту, оңай iстер емес. Осының бәрiнiң үстiне, Құандықты ақылы сүйсе де, жүрегi оншалық бой тартпайды. Осы күндердiң өзiнде де Абайдың көңiлiнен Тоғжан ұмытылған жоқ. Қайта, мынандай шешен, ашық, атақты Қуандықпен тайталасқандай боп, көз алдына шын сүйгенi елестей бередi. Абайға ол ләззәт бұл дүниеде қайта оралып келместей. Онымен тең жан тумастай, табылмастай едi.Тоғжан есiне түссе, Абай тар төсекте де Қуандықтан тартынып, құшағын iрке бередi…
Қарашаш пен Асылбекке Абай бөлек-бөлек сөйлесiп едi. Баяғыдан Абай басына тiлеулестiгi күштi Қарашаш мына сөздi қуанып тыңдады да, тез қостады.
Бiрақ бұл қанша мақұл көрсе, Асылбек соншалық жатырқап, қарсы шықты.
– Бұл iс болмайды. Қолдан келмейдi. Жазығы жоқ Алшынбай қызын Құнекең ренжiте алмайды. Алшынбайдан кетiсем демесе, саған рұқсат етпейдi. Қуандық қайын жұртына жаман атты болады. Соның бәрi жиылып кеп кәрi Қадекеңе дерт болады. Менен басқа кiсi естiмесiн. Осы арада қалсын!- деп, Абайға қатты салмақ салды».
Автор публикации: Аскар Калдыбаев
5 комментариев. Оставить новый
Yay google is my world beater assisted me to find this outstanding website!
Lista escape roomów
I like this website very much, Its a real nice office to read and find information.!
I don’t think the title of your article matches the content lol. Just kidding, mainly because I had some doubts after reading the article.
Your article helped me a lot, is there any more related content? Thanks!
Your point of view caught my eye and was very interesting. Thanks. I have a question for you.