Интересные отрывки из романа М. Ауэзова «Абай жолы».

Разговор Абая с Каражан.

«– Е, өзiмiз аш қалсын дейсiң бе?– деп, Қаражан қырыстана бердi. Абай қатты долданып, ақырып жiбердi:

– Аш қалмақ түгiл, қырылып қал! Бересiң! Бермей қырыстанып көр осыдан! Күнде кешке кеп тексерiп тұрамын. Орындамасаң, өзiңнен көр! Менi тап осы өңiрден айдатып жiбермесе, сендiк әлiм бар. Масқара қып тұрып көндiремiн! Бiлдiң бе! Қолымнан алатын Тәкежан жоқ. Көзiңдi ашып қара! Орындайсың, сол!– деп қадалып қарап, үндемей тұрып қалды.

Оң қолы ұзын қамшысын қымтып ұстай бастаған екен. Қаражан соны байқады да, жауап айтқан жоқ. Түнде Тәкежан аулының үстiне кеп орнаған Дәркембайлар. Абай жаңа Дәркембайдың өзiн ере жүр деп шақырған-ды. Қазiр сол да кеп жеткен екен.

Анадайдан құлақ салып, Абайдың ашулы үнiн естiп келе жатыр.Қасына Дәркембай келгенде, Абай Қаражанға тағы түйiле қарап тұрып:

– Мiне, сенiң аулыңнан ас iшетiн кiсiлердi мына Дәркембай бастап кеп тұрады. Жалғыз өз үйiң емес, осы ауылда неше түтiн, неше қазан бар, соның бәрiн асқызып отыр. Бар аулың қызмет етсiн!– дедi. Қаражанда әлi де үн жоқ.

Абай атының басын бұра берiп, Дәркембайға:

– Сен бұл ауылдың күйеуi емессiң! Күмiлжiме, бiлдiң бе? Жұмысыңнан келгенде, тура:» ас бер!» де. Бермесе, бөгесе менiң тап өзiме қолма-қол кеп айтып тұр. Осыдан айтпай, жасырып қалсаң, Дәркембай болмай, қатын боп қал! Ұқтың ба?– дедi де, Абай жүрiп кеттi».

Автор публикации: Аскар Калдыбаев

Аскар Калдыбаев
02/12/2019

13 комментариев. Оставить новый

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.

Translate »